Бахрейн атынан шыққан колумбиялық Лесман Паредес қоссайыста 397 келі (жұлқа көтеруде - 185, серпе көтеруде - 212) көтеріп, жеңіске жетті. Екінші орынды қазақстандық Нұрғиса Әділетұлы - 383 (174 209) иеленсе, колумбиялық Джор Морено - 380 (171 209) қола жүлдегер атанды.
Айта кетейік, Қазақстан үшін бұл медаль әлем чемпионатындағы екінші медаль болды - бұған дейін Алексей Чуркин 73 келіге дейінгі салмақта қола жүлдегер атанған болатын.
Фото: olympic.kz