«Биылғы жыл отандық атлеттер үшiн 2016 жылы өтетiн Рио-де-Жанейро Олимпиадасына дайындық тұрғысында шешушi жыл болады деп есептеймiн. Негiзiг турнир - қараша айында Хьюстонда (АҚШ) өтетiн ауыр атлетикадан әлем чемпионаты. АҚШ-та бiз Бразилияда болатын Олимпиада ойындарына берiлетiн жолдамалардың толық жиынтығын - 6 ер және 4 қыздар жолдамасын жеңiп алуды жоспарлаудамыз», - деп атап өттi ол.
Оның айтуынша, бұның алдында өткен барлық Олимпиадаларда бiздiң құрама мұндай жетiстiкке жетiп көрген емес. Жанат Түсiпбековтің атап көрсеткенiндей, жолдамалардың толық жиынтығын алу арқылы Олимпиададағы медальдарға деген үмiт молая түспек.