деп хабарлады ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен.
Ведомствоның атап өтуінше, өткен жылдың қаңтарынан Техникалық ынтымақтастық бюросының сарапшылары Қазақстанның авиациялық қызметіне қажетті қолдау көрсетуде. Бірлескен жұмыс нәтижесінде 2009 жылғы ИКАО аудитінің ескертпелерін жою үшін Әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы ҚР қолданыстағы заңнамасына 80 түзету енгізілді. Оның 69-ы ұшу қауіпсіздігін арттыру мәселелерін қамтиды.
«Одан басқа ел авиакомпанияларының барлығы ресертификаттаудан өткізілді. Нәтижесінде 6 эксплуатант сертификаты және 1 авиациялық жұмыстарды өткізуге құқық беретін куәлік кері қайтарылды (ДЕТА, МЕГА, Евро-Азия Интернейшенл, САМАЛ, Семейавиа, Азия Континетал Эйрлайнс)», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ министрлік ақпаратына сәйкес, Азаматтық авиация комитеті авиациялық білімі және осы саладағы тәжірибесі бар білікті мамандармен толығымен жасақталған. Авиакомпаниялар, әуе кемелері, әуежайлар, навигация нысандары, оқу орталықтары және экипаж мүшелері мен инженерлердің біліктілік дәрежесін тексеретін 40 кәсіби инспектор жұмыс істеуде.