Қазақстан автобизнес қауымдастығының президенті Андрей Лаврентьевтің сөзіне қарағанда, сату көрсеткіші бойынша келесі бір әлемдік рейтингте Қазақстан биыл 54-тен 47-сатыға көтерілген. Онда 6 айда 10 млн. автомобиль сатқан Қытай бірінші орында келе жатыр. Одан кейінгі орында АҚШ, Жапония, Бразилия және Гермения елдері тұр.
Қазақстанда қыркүйек айында 16,2 мыңнан астам көлік сатылған көрінеді. Ал оның жалпы саны жыл басынан бері 116 мыңды құрап отыр. Алдыңғы 2 тоқсанға қарағанда үшінші тоқсанда сауда біршама жоғары болды. Мәселен маусым-қыркүйек айларында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 85 пайызға артқан.