Қазақстан әйелдер құрамасы баскетболдан 2026 жылғы Азиаданы бастады

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан әйелдер құрамасы баскетболдан Аичи-Нагоядағы (Жапония) 2026 жылғы Азия ойындарында жарыс жолына шықты.

Фото: ҚР ҰОК

Отандастарымыз В тобында өнер көрсетіп жатыр.

Ұлттық құрама алғашқы матчында Филиппинге қарсы ойнады. Төрт кезеңнің қорытындысы бойынша филиппиндік баскетболшылар 86:58 есебімен жеңіске жетті.

Қазақстан сапында Аделя Мұстафина, Александра Петелина, Анастасия Алишаускайте, Анна Безгодова, Валерия Капитонова, Дарья Королева, Дарья Цуканова, Камила Аманжолова, Милана Крутевич, Надежда Яковлева, Оксана Нурбаева, Тамара Нойок ел намысын қорғауда.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы келесі ойынын 20 қыркүйекте Жапонияға қарсы өткізеді.

Бұған дейін қазақстандық бессайысшылар Азия ойындарының финалына жолдама алғанын жазған едік.