Қазақстан әйелдер құрамасы гандболдан әлем чемпионатында бақ сынайды

Фото: ҚР ҰОК

АСТАНА. KAZINFORM - 26 қарашада гандболдан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты басталады.

ҚР ҰОК мәліметінше, әлем біріншілігі Германия мен Нидерландта өтеді. Қазақстанның әйелдер құрамасы алдын ала кезең ойындарын Германияның Трир қаласында өткізеді.

Біздің құрама H тобына түсті. Бұл топтағы қарсыластары: Ангола, Норвегия және Оңтүстік Корея болмақ. 27 қарашада қазақстандықтар Ангола құрамасымен кездеседі.

Айта кетейік, өткен әлем чемпионатында Франция жеңімпаз атанған еді. Норвегия екінші орын алып, Дания қола жүлдеге ие болған.

Қазақстан әйелдер құрамасы Ислам ойындарында күміс медальға ие болғанын жазған болатынбыз.