Қазақстан әйелдер құрамасы хоккейден Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

АСТАНА. KAZINFORM - Шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы 2026 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Фото: ҰОК

Құрлықтық бәсекеде отандастарымыз үшінші кездесуінде Оңтүстік Кореямен шеберлік байқасты. Алғашқы екі кезеңде қазақстандық хоккейшілер жауапсыз үш гол соғып үлгерсе, шешуші кезеңде тағы екі мәрте көзге түсті. Оған қарсыластар бір голмен жауап берді. 

Оңтүстік Корея - Қазақстан 1:5 (0:1, 0:2, 1:2) 
0:1 - 03:28 - Зубкова (Олжабаева)
0:2 - 33:25 - Олжабаева (Муравьева)
0:3 - 36:31 - Әшімова (Мескини, Алдабергенова)
0:4 - 41:11 - Алдабергенова (Молдабай, Буторина)
0:5 - 50:06 - Муравьева (Молдабай, Тұрсынова)
1:5 - 58:33 - Ким Селин (Пак Чон А, Пак Чи Бн).

Осылайша отандастарымыз қарсыласынан 5:1 есебімен басым түсіп, құрлықтық бәсекеде қола жүлдегер атанды. 

Айта кетсек, бұған дейін қазақстандық хоккейшілер Олар бұдан бұрын Жапониядан 0:4, Қытайдан 1:2 есебімен жеңіліп қалған еді.

Бас жүлде Жапония мен Қытай құрамалары арасында анықталады.

Құрлықтық дода 15-18 қазан аарлығында Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатыр.

Азия чемпионаты биыл үшінші мәрте жалауын көтерді. Былтыр Өскемен қаласында өткен жарыста Қазақстан қола жүлдегер атанған еді. Сондай-ақ олар 2024 жылы Қытай астанасы Бейжің қаласында да дәл осындай жетістікке жеткен еді.