Әлем кубогы кезеңі алдында ауқымды халықаралық жиын өткізіледі. Онда АҚШ, Канада, Бразилия, Өзбекстан, Италия, Франция, Оңтүстік Корея секілді 19 елдің былғары қолғап шеберлері шеберлігін шыңдайды.
Айта кетсек, бұдан бұрын қазақстандық боксшылар Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында 20-26 сәуір аралығында өткен әлем кубогын үздік үштікте аяқтады.
Қазақстандық боксшылар беделді бәсекені үш алтын, бір күміс, үш қола медальмен аяқтады. Беделді бәсекеде Сұлтанбек Айбарұлы (85 келі), Валерия Аксенова (80 келіден жоғары), Виктория Графеева (60 келі) жеңімпаз тұғырына көтерілді.
Ал Аида Әбікеева (65 келі) күміс медаль алса, Алуа Балқыбекова (51 келі), Жібек Жарасқызы (80 келі), Диас Молжігітов (80 келі) қола жүлдегер болды.
Ал финалдық кезең қараша айында Өзбекстанда өтеді. Дегенмен нақты күні мен жарыс өтетін қала әзірге белгіленген жоқ.
Еске салсақ, бұдан бұрын Сағадат Нұрмағамбетовті еске алу турнирінде Қазақстан құрамасы 35 медаль жеңіп алды.