Қазақстан әйелдер құрамасы стенд атудан Азиа ойындарында күміс жүлде жеңіп алды

АЙЧИ.KAZINFORM — Стенд атудан Қазақстан әйелдер құрамасы Жапонияда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды.

Фото: ҰОК

Әйелдер арасында скит бағдарламысы бойынша командалық финалда Зоя Пискун, Әсем Орынбай және Адель Садақбаева ел намысын қорғады.

Қортындысында, Қазақстан командасы 336 ұпай еншілеп, екінші орыннан көрінді. Қытай құрамасы (357 ұпай) алтын, ал Индия құрамасы (331 ұпай) қола медаль жеңіп алды.
Айта кеткйік, бұлтҚазақстан құрамасының осы Азиададағы үшінші күміс медалі.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, жартылай марафоннан әйелдер арасындағы бәсекеде Қазақстан өкілі Кристина Морозова 1:35:25 нәтижесімен күміс медаль жеңіп алды.

Сонымен қатар, академиялық ескек есуден әйелдер құрамасы В финалына жолдама алды.