Бұл өз кезегінде әйелдердің бітімгерлік операцияларға қатысуын қамтып отыр. Бүгін Астанадағы ІІІ Еуразиялық Әйелдер саммитінде ҚР Президенті жанындағы Әйелдер ісі және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымы Гүлшара Әбдіқалықова осылай айтты.
Оның пайымдауынша, аталған қарар тек қақтығыстық ахуал орын алған елдер үшін ғана деген қате түсінік қоғамда қалыптасқан. «Бұл олай емес. Бұл құқық қорғау органдары жүйесінде гендердік реформаны және мемлекеттің аумағында қақтығыс болуына немесе болмауына қарамастан әйелдердің бітімгерлік операцияларға қатысуын білдіреді»,-дейді ұлттық комиссия төрайымы.
«Әйелдер әрқашан де отбасында және қоғамда да бітімгер болып келді. Аталған қарарды дұрыс әрі сауатты іске асыру - мемлекеттердегі көптеген қақтығыстарды шешуге мүмкіндік береді»,-деп түйді Г. Әбдіқалықова.