Қазақстан аймақтарына тұман түседі - 7 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

None
АСТАНА. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстан аумағының көптеген бөлігіне 7 желтоқсан күні антициклон тарамы әсер етіп, онымен бірге жауын-шашынсыз ауа райы, кейбір жерлерде тұманның түсуі күтіледі.

Қазақстанның батыс, оңтүстік-батыс аудандары циклонның ықпалында болады, мұнда кейбір жерлерде жауын-шашын, тұман, желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлайды Қазгидрометке сілтеме жасаған ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.

Алматы облысында түнде және таңертең кейбір жерлерде тұман күтіледі, Жалаңашкөл ауданында 18-23 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз жел екпіні 28 м/с дейін сақталады.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, түнде Қарағанды, Ақтөбе облыстарында кейбір жерлерде тұманның түсуі ықтимал.

Қызылорда облысының бірқатар аймақтарында тұман, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Шығыс Қазақстан облысының жекелеген аудандарында түнде және таңертең тұман түсіп, күндіз жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді.

Алдағы тәулікте Қазақстанның солтүстік, орталық, шығысындағы су нысандары мен Алматы облысының жекелеген өзендерінде мұз қату жалғасады. Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарының жекелеген өзендерінде су деңгейінің ауытқуы байқалады.