Бұл туралы бүгін Астанада ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссияның кеңейтілген отырысында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай мәлім етті.
«Елімізде ЮНЕСКО-ның мүше мемлекеттерінің материалдық емес мәдени мұрасы тізіміне енгізу үшін аталған мәдени мұралардың тізбесі жүргізіліп жатыр. Мәселен, министрлік ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясымен бірлесе бірнеше аталымдар бойынша бұл бағытта жұмыстар жасауда. Бұнда айтыс, киіз үйді жасау және оның жабдықтары, Наурыз мейрамы бар», - деді Д. Мыңбай.
Осы орайда министр бұл бағыттағы шаралар Қазақстан үшін маңызды екендігін, сондай-ақ елімізде ауқымды материалдық мәдени мұрамен қатар материалдық емес мәдени мұра қоры да елеулі екенін жеткізді.