«Менің, бәледен қағатын періштем бар. Ол мені бірнеше рет қауіптен сақтап қалды. Мысалы, бірнеше жыл бұрын Коста Канкордио лайнерінің суға батып кеткенінде, сол кемеге отырмай аман қалдым. Жақында, Тбилисиге бармақ болып едім, жолым түспеді. Онда сұмдық су тасқыны болды. Енді міне, Тунис! Біз сол қырғын болған отельге бармақ едік. Мен, естігенде есеңгіреп қалдым. Ұлымның шет елге шығатын паспортын жоғалтып алып, қалып қойған едік бұл сапардан», деп жазады ол Фейсбуктегі жеке парақшасында. Еске сала кетейік, 26 маусым күні Тунистегі танымал Сус шипажайына қарулы шабуыл жасалды. БАҚ-та «Империал» қонақүйінің туристері зардап шеккені хабарланды. 39 адам лаңкестік құрбаны болды. Тунистегі атысты «Ислам мемлекеті» террорлық ұйымы жасағанын мәлімдеді.
08:11, 27 Маусым 2015
Қазақстан азаматшасы Тунистегі қырғыннан қалай аман қалғанын айтты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының азаматшасы Елена Коэмец Тунистегі трагедиядан қалай аман қалғанын әлеуметтік желідегі жеке парақшасында айтып берді.