АСТАНА. KAZINFORM - Непал мен Қытай шекарасы аумағында болған су тасқыны салдарынан зардап шеккендер мен хабар-ошарсыз кеткендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі хабарлады.
— Қазіргі уақытта Непал мен Қытай шекарасында болған су тасқыны салдарынан зардап шеккендер мен хабар-ошарсыз кеткендер арасында Қазақстан азаматтары тіркелмеген. Жағдай ҚР СІМ бақылауында, — деді СІМ ресми өкілі Жанболат Үсенов.
Еске сала кетейік, Непал-Қытай шекарасында су тасқынынан кейін жүздеген турист із-түзсіз жоғалды.
Тастан Тоянов
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде журналистика мамандығы бойынша білім алған. Түрлі ақпараттық платформаларда қызмет етті. Қазіргі уақытта Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің тілшісі.