Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Иран және Израильдегі қазақстандық дипломаттар өз азаматтарына қажетті консулдық-құқықтық көмекті қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыруда.
ҚР СІМ Израиль, Мысыр және Армения билігіне өз ризашылығын білдіреді, сондай-ақ қазақстандықтарды эвакуациялауға қолдау көрсетіп жүрген ирандық, әзербайжан және түрікмен әріптестеріне қайта алғыс айтады.
- Бірлескен күш-жігердің арқасында азаматтарымыз үйлеріне аман-есен оралуға мүмкіндік алуда,-делінген хабарламада.
Осыған дейін ҚР Сыртқы істер министрлігі Иран мен Израильде жүрген азаматтарына ескерту жасағанын жаздық.