«Қазақстанда қалааралық қатынаудың тек 43 пайызы әуе ұшуларға тиесілі. 57 пайызы жердегі көлікпен атқарылады. 43 пайыз - өте төмен көрсеткіш. Дамыған елдерде оның үлесі әлдеқайда жоғары», - дейді Б. Поллок.
Оның айтуынша, болашақта қазақстандықтар жердегі көліктен гөрі, әуе арқылы қатынауды жиі жөн көретін болады.
«Жақын бес жылда Қазақстанда әуе көліктеріндегі жолаушылардың саны жыл сайын 7 пайызға артып отырады деген болжам бар. Біздің жоспар бойынша, болашақта қазақстандықтар жердегі көлікке қарағанда, негізінен әуе көліктері арқылы қатынайтын болады», - деп атап өтті Б. Поллок.
Qazaq Air компаниясы аймақтық компания болып табылады және қазіргі уақытта тек Қазақстанның ішкі рейстерін дамытуды көздеуде.