«1999 жылдан бергі барлық сайлау науқанына қатысып келемін. Бірақ, сол саяси науқанның барлығымен салыстырғанда бұл жолғы сайлау өте ұйымшылдықпен өтті. Яғни, олар ешқандай партиялық немесе топтық мүддені емес, азаматтық көзқарастарын білдірді. Менің ойымша, осы сайлау дауыс берушілердің деңгейінің, саяси мәдениетінің өте жоғары көтерілгендігін көрсетті», - деді М.Әбенов.
Оның атап өтуінше, сайлау күні еліміздің барлық өңірлерінде азаматтар ерте келіп, дауыс беруге тырысты.
«Тағы бір ерекшелік, барлығының көңіл-күйі жақсы болды. Олар өздерін мерекелік шараға келгендей сезінді. Сонымен қатар бұл қоғамды біріктіретін сайлау болды. Әртүрлі қөзқарас болуы мүмкін. Бірақ осы саяси шараға барлығы бір оймен, бір мақсатпен, яғни, елде тыныштық болсын деген көзқараспен келді», - деді саясаттанушы.