«Оңтүстік Судандағы әскери төңкеріс әрекетінен туындаған тәртіпсіздікке байланысты мыңдаған адам көз жұмды. Қаза тапқандардың арасында жағдайды реттеу үшін жіберілген БҰҰ бітімгерлері де бар. Көптеген елдердің билік орындары өз азаматтарына ол елден кетуді ұсынды. Қазір бұл мемлекетте дипломатиялық өкілдер мен туристерді көшіру жалғасып жатыр»,-делінген аталған ведомство баспасөз қызметінің мәліметінде.
Айта кетейік, кейінгі жылдары экстремалды сафариді ұнатушы туристер арасында Оңтүстік Судан кеңінен танымал болып отыр.