«Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтерге сәйкес 2016 жылғы 20 наурыз күнгі сағат 12-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың 40,21 пайызы сайлау бюлетендерін алды», - деді ол.
М.Сәрсембаевтың деректеріне сәйкес, оның ішінде Алматы облысы бойынша - 57,67, Ақмола облысы бойынша - 48,45, Ақтөбе облысы бойынша - 34,3, Атырау облысы бойынша - 45,2, Батыс Қазақстан облысы бойынша - 38,67, Жамбыл облысы бойынша - 47,41, Қарағанды облысы бойынша - 41,57, Қостанай облысы бойынша - 54,31, Қызылорда облысы бойынша - 43,28, Маңғыстау облысы бойынша - 31,41, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша - 33,02, Павлодар облысы бойынша - 40,47, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша - 48,1, Шығыс Қазақстан облысы бойынша - 45,83, Астана қаласы бойынша - 32,33, ал Алматы қаласы бойынша 15,45 пайызы дауыс берген.
«Дауыс беру барлығы 9840 сайлау учаскесінде жүргізілуде», - деді ҚР ОСК мүшесі.