«Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтерге сәйкес 2016 жылғы 20 наурыз күнгі сағат 14-00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың 60,22 пайызы сайлау бюллетендерін алды», - деді ол.
Б.Мелдешовтің деректеріне сәйкес, оның ішінде Алматы облысы бойынша - 77,16, Ақмола облысы бойынша - 69,97, Ақтөбе облысы бойынша - 57,1, Атырау облысы бойынша - 65,87, Батыс Қазақстан облысы бойынша - 56,37, Жамбыл облысы бойынша - 63,6, Қарағанды облысы бойынша - 59,2, Қостанай облысы бойынша - 68,17, Қызылорда облысы бойынша - 65,69, Маңғыстау облысы бойынша - 51,76, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша - 68,86, Павлодар облысы бойынша - 61,77, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша - 61,2, Шығыс Қазақстан облысы бойынша - 66,7, Астана қаласы бойынша - 54,71, ал Алматы қаласы бойынша 21,45 пайызы дауыс берген.
«Дауыс беру барлығы 9840 сайлау учаскесінде жүргізілуде», - деді ҚР ОСК хатшысы.