«Әрине, адамның таңдау жасауына бұл жағдайда түрлі жайттардың ықпал ететіндігі сөзсіз. Алайда, көбінесе объективті негіздемелер болмайды. Соңғы уақытта Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдану саны бойынша статистикалық мәліметтер өте жақсы, оң серпін бар. біздерге алыс шет елдерден, сонымен қатар таяу шет елдерден де қоныс аударып жатады. Бұған қоса, өз Отанынан саяси әрі құқықтық байланысты үзген тұлғаларға қатысты статистиканы да терең зерделеу қажет. Қоныс аударуларының себебі неде? Меніңше, біздің комиссия бұл мәселені мемлекеттік органдармен бірлесіп зерделейтін болады», - деді Мемлекеттік хатшы.
Комиссия отырысында Қазақстан азаматтығына қабылдау және шығару мәселелері қаралды.
Комиссия ұсынысының негізінде Елбасы тиісті Жарлыққа қол қойғаннан кейін республикамызға ТМД және алыс шет елдерден келген, түрлі ұлт өкілдерінен құралған 638 адам Қазақстан азаматы атанады.