Қазақстан азаматтығын алуға үміткерлердің өтініші қашан қабылданады
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға үміткерлер үшін тестілеуге өтініштерді қабылдау 17-29 сәуір аралығында өтеді. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы хабарлады.
— Тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында немесе UTO қосымшасы арқылы жүргізіледі. Тестілеудің өзі 30 сәуірде өтеді, — делінген хабарламада.
Тестілеу 3 бөлімнен тұрады:
тілдік білімді бағалау жүйесінің қарапайым деңгейі бойынша қазақ тілін білуін анықтауға арналған тест (қазақ тілінде) — 60 тапсырма, шекті балл — 36;
Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздері бойынша тест (қазақ немесе орыс тілінде) — 15 тапсырма, шекті балл — 9;
Қазақстан тарихы бойынша тест (қазақ немесе орыс тілінде) — 25 тапсырма, шекті балл — 15.
Ең жоғары балл — 100, шекті балл — 60.
Тестілеу уақыты — 2 сағат 10 минут.
Мүмкіндігі шектеулі (мүгедектігі бар) тұлғаларға тестілеу тапсыру үшін қосымша 30 минут беріледі.
Толық ақпарат testcenter.kz сайтында «Азаматтық алуға үміткерлерге» бөлімінде қолжетімді.
— Дайындығын жақсартуды қалайтын үміткерлер үшін тегін (testcenter.kz сайтында «Азаматтық алуға үміткерлерге» бөлімінде) және ақылы (app.testcenter.kz сайтында «Байқау сынағы» бөлімінде — 3355 тг.) байқау сынағы ұсынылған, — делінген хабарламада.
Айта кетелік Қазақстан шетел азаматтарына ЖСН беруді қайта бастайтыны туралы жазған едік.