Қазақстан азаматтығын алған жандар арманы мен басынан өткен оқиғасын айтып берді

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM - Донияр, Абдул Керім және Светлананың Қазақстан азаматтығын алу жолындағы кедергілерді жеңуі жаңа өмірге ұмтылыстың жарқын бейнесін көрсетеді. Махаббаттың, табандылықтың және шығармашылықтың арқасында олар Қазақстанда өз орындарын тапты. Қазақ елін өз үйім деп білген шетелдіктердің шабыттандыратын оқиғаларын сіздермен бөлісіп отырмыз.

Коллаж: Kazinform

Азаматтыққа апарар жол: Донияр мен Гүлнар тағдыры

Донияр Мирзахметов 1967 жылы Шымкентте дүниеге келген. Бала кезінен музыканың құдіретін түйсініп өсті. Сегізінші сыныптан кейін Гүлістан мемлекеттік мектебіне оқуға түсіп, кейін Ташкент мемлекеттік консерваториясын үздік бітірді. 

Фото: жеке мұрағатынан

1996 жылы Өзбекстан төлқұжатын алып, шымкенттік Гүлнәрмен бірге отау құрды. Дегенмен әйелі Өзбекстан азаматтығын ала алмай, кеңестік үлгідегі құжатпен күнелтті. Ол кезде ерлі-зайыптылардың екі баласы болатын. Бюрократиялық кедергілерден шаршаған отбасы Қазақстанға қоныс аударуды ұйғарды.

Отанын оралған Гүлнәр Қазақстан азаматтығын алды. Шымкентте келген жас отбасы көп ұзамай тағы екі балалы болдыі. Олар да автоматты түрде Қазақстан азаматы атанды. 

Фото: жеке мұрағатынан

«Әйелім Өзбекстанда тұрғанда ұзақ уақыт бойы бір шешімге келе алмайтынбыз. Себебі, ол жақта азаматтық алу өте қиын еді. 20 жыл бойы күттік, содан үмітті үзіп Қазақстанға оралуды ұйғардық. Себебі, оның Қазақстан азаматы болуға толық себебі бар – ол осында дүниеге келген. Біз мұнда үлкен жетістікке жеттік! Қазір үйіміз, отбасымыз, достарымыз бар», - дейді отағасы.

Қазір Донияр Шымкенттегі музыка мектебінің халық аспаптары бөлімінде мұғалімі болып еңбек етеді. Мектеп оқушыларына гиджак ойнауды үйретіп жүр. Ол Өзбекстанда туған екі баласымен бірге Қазақстан азаматтығын алуды армандайды. Олар қазақ тілі мен ел тарихын білетіндеріне сенімді. Бүгінде алдағы емтихандарға тыңғылықты дайындалып жатыр. 

«Қазақстан маған өте жақын. Мұнда менің ата-анам, балаларым, немерелерім тұрады. Халқы мейірімді және жанашыр, мен осында тұрғаныма қуаныштымын», – дейді Донияр Мирзахметов.

Ташкентте тұрғанына 30 жыл өтсе де, достары мен туыстарына қазір тек қонақ ретінде барады. Ал, өзінің үйі Шымкентте екенін және қазақстандық төлқұжатты алуды - отбасы тарихының маңызды кезеңі әрі жаңа тарауы болады деп біледі.

Нигериядан Қазақстанға көшу: Абдул Керим Адешин Абдул Фатхидің оқиғасы

KerimGold деген атпен танымал Абдул Керим Адешин Абдул Фатхи достарының шақыруымен 2014 жылы Қазақстанға көшіп келді. Сондай-ақ, қазақ тіліндегі әндерді жан-жақты орындауының арқасында әлеуметтік желілерде бірден танымал болды. 

Фото: жеке мұрағатынан

Бүгінде ол табысты тележүргізуші және туристік агенттік иесі. Оңтүстік Кореяда ұзақ жылдар тұрып жатқан ағасымен бейнеқоңырау арқылы хабарласып тұрады. Светлана Ташкенттегі ата-анасына жиі барады. Олар да Шымкентке немерелерін көруге қуана келеді.

Светлана балаларымен бірге қазақ тілі мен Қазақстан тарихын зерттеуді жалғастырып жатыр. Ол көшіп-қонып, азаматтық алғанына ешқашан өкінген емес және бұл кезең ол үшін оңай болғанына әрі таңданып, әрі қуанады. 

Фото: жеке мұрағатынан

Айта кетейік, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек министрлік Қазақстан азаматтығын алғысы келетін шетелдіктерге арналған тестілерді даярлауға кірісетінін айтты.