Бұл мәселе былтырғы жылдан бері шешімін тапты. Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейін оралман өзінің тұрғылықты тұратын жеріндегі азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміне жүгінеді. Барлық қажетті құжаттарды АХАТ органына тапсырғаннан кейін акті жазбаларын Қазақстанда қайта қалпына келтіреді, онда оралманның аты, әкесінің аты, тегі жазылады. Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 184-бабының, 3-тармағына сәйкес, 2013 жылы Есіл аудандық Әділет басқармасының АХАТ бөлімімен 17 оралманның туу туралы куәлігі қайта қалпына келтірілді.