Қазақстан азаматы Е. Қосмағамбетов Өзбекстанда 5 жылға сотталды

ТАШКЕНТ. 24 шілде. ҚазАқпарат  - Өзбекстанда ұсталған Қазақстан азаматы Ермек Қосмағамбетов 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

23 шілде күні Кибрай аудандық сотында Өзбекстан Республикасы ҚК-нің 246-бабы, 1-бөлімі бойынша қылмыс жасады деп айыпталып отырған ҚР азаматы Е. Қосмағамбетовке қатысты сот үдерісі аяқталды.

Естеріңізге сала кетейік, 27 жастағы Қазақстанның азаматы Е. Қосмағамбетов Өзбекстанда діни эстремизмді насихаттайтын бейнематериалдар контрабандасы бойынша айыпталуда. Оның ноутбугынан өзбекстандық күш құрылымдары діни мазмұндағы фильм тапқан. Е. Қосмағамбетовтің айтуынша, ол ноутбуктің ішінде табылған фильмдер жайлы білмеген. Ал ноутбукті сапар алдында фотосуреттерді көру үшін әпкесінен алғандығын алға тартуда.