Қазақстан азаматы Германияда ажал құшты

АСТАНА. 21 шілде. ҚазАқпарат - Германияда 34 жасар Қазақстан азаматы қаза тапты,

деп хабарлайды 24 kz.

Қайғылы оқиға Оңтүстік Германияда өткен ұлттық фестиваль кезіндегі тәртіпсіздік салдарынан болған. Фестиваль кезінде жанжалды бастағандар елдің шығысынан келген 7 азамат екендігі анықталды. Неміс бұқаралық ақпарат көздерінің хабарлауынша, қылмыскерлер ұлтшылдар болған. Қазіргі таңда күдіктілердің барлығы қамауға алынып, тергеу жүргізілуде.