Қазақстан азаматы Ресей шекарасында 1,5 тонна уылдырықпен ұсталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан-Ресей шекарасы арқылы қызыл уылдырықтың ірі көлемін алып өту әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ҚР Ұлттық қауіпсіздік қызметі Шекара қызметіне сілтеме жасап.

«Семей» жеке бақылау-өткізу бекетінің «Ауыл авто» өткізу пунктінің жасағы Ресей Федерациясынан Отанына бет алған 36 жастағы Қазақстан азаматын ұстады. Ол ірі көлемдегі уылдырықты жүк көлігімен алып өтпек болған. Тексеру кезінде көліктен 1 500 келі қызыл уылдырық табылды. Жүктің құжаты болмаған», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.