АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстанның халық әртісі, композитор, әнші, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Алтынбек Қоразбаев Алматыдағы №211 референдум учаскесіне дауыс беруге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бүгін өзін «мен Қазақстан Республикасының азаматымын» деп санайтын азаматтар референдум учаскесіне келіп, дауыс беріп жатыр. Бұл анау-мынау емес, ата заңымыздың баптарын өзгертуі мүмкін республикалық маңызды референдум. Сондықтан, Қазақстан азаматы ретінде мен осы референдумға келіп тұрмын», - деді халық әртісі.
Еске салайық, бүгін елімізде Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгертулер енгізу бойынша жалпыұлттық референдум өтіп жатыр. Алматыда референдум учаскелері таңғы сағат 06:00-де ашылып, 07:00-де дауыс беру басталды.
Референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар тізімінде 1 126 854 адам бар. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін үйде дауыс беру ұйымдастырылады.
Думан Арғынгелді
2008 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. «Қазақстан» ұлттық арнасының Алматы қалалық филиалында, «Аягөз жаңалықтары», «Алматы ақшамы» газеттерінде қызмет атқарды. Мақалалары республикалық, облыстық, аудандық газет беттерінде жарияланды. 2021 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.