Оқиға кеше, 25 наурыз күні болды. Полиция мерт болған азаматтың өлімінің себебін анықтауда. Матрос Железняк көшесінің бойындағы үйдің жанынан адамның денесі табылғандығы жөнінде «Фонтанка» басылымына сағат 14-25-те белгілі болды.
Тексеру шараларының нәтижесінде мерт болған азаматтың 32 жасар Қазақстан тұрғыны екенін анықталды. Болжам бойынша ол өзі жалға алып тұрып жатқан пәтердің 13-ші қабатынан құлап кеткен. Кісі өлімінің нақты себебін сот-медициналық сараптама мамандары анықтайды. Тексеру шаралары жалғасуда.