Жамбыл облысы, Қордай ауданындағы «Жасылтөбе» шекара заставасының шекарашылары жергілікті ішкі істер органдарының қызметкерлерімен бірлесе отырып, Қазақстан азаматын ұстады. Одан тексеру кезінде салмағы 3 грамнан астам есірткілік зат - героин табылды.
Аталған дерекке қатысты материалдар Қордай аудандық ішкі істер органдарына берілді.