ОРАЛ. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Шетелдік валютаны мемлекеттік шекара арқылы алып өтпек болған Қазақстан азаматын шекарашылар «Тасқала» бекетінде қолға түсірді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі №2097 әскери бөлімнен түскен ақпаратқа сілтеме жасап.
Орал-Ершов бағытында жолға шыққан «Субару» автокөлігін тексеру үстінде 19430 АҚШ доллары табылған. Бұл іс бойынша тергеу материалдары облыстық кедендік бақылау департаментіне берілді.
Шекарашылар сондай-ақ №8 Мәскеу-Алматы пойызын тексеру кезінде Өзбекстан азаматының төлқұжатына жалған мөр қойылғанын анықтады. Бұл іспен енді Шипов стансасы желілік полиция бөлімі айналысуда.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).