Қазақстан Әзербайжанға 124 млн доллардың өнімін экспорттады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Әзербайжанның экономикалық ынтымақтастығы нығайып, елдер арасындағы сауда-саттық артуда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен, биылалғашқы жартыжылдықта қазақстандық астық экспорты үш есе өскен. Бірінші жартыжылдықта Қазақстан менӘзербайжан арасындағы сауда көлемі артты. Мемлекеттік кеден комитетініңмәліметі бойынша, 6 айдың ішінде елдер арасындағы тауар айналымы өткен жылғақарағанда 16% өсіп, 136 млн долларды құрады. Қазақстан Әзербайжан еліне 124 млндолларға өнім экспорттады. Бұл дегеніміз бұған дейінгі көрсеткіштен 33 пайызғакөбірек. Соған орай, еліміз Әзербайжанның 15 ірі импорттаушыларының қатарынакірді.

Аграрлық зерттеулер орталығының директоры ФирдовсиФикретзаденің айтуынша, 6 ай ішінде Қазақстаннан 60 млн долларды құрайтынауылшаруашылық өнімдері импортталды. Оның 57 млн доллары бидайға тиесілі. Қалған бөлігіне басқа дадәнді дақылдар сатып алынды.

Әзербайжанның Ауылшаруашылық министрлігі өкілдерініңмәлімдеуінше, осы кезең аралығында қазақстандық астық импорты үш есеге өскен. Бұған бірыңғай кедендік тарифтерсебепші болған.

«2018 жылдан бастап екі ел арасындағы сауда қатынастарқарқынды дамып келеді. Бұғанбірыңғай кедендік тарифтердің өсуі де сеп болды. Сондықтан кәсіпкерлердіңқызығушылығы арта түсуде»,- дейді экономист Вугар Байрамов.

Сарапшылардың айтуынша, қазақстандық бидай өнімдерініңсапасы жоғары болғандықтан, бәсекеге қабілетті болып қала бермек. Сондықтан Әзербайжан нарығында қызығушылық артыпкеледі.

Соңғы жаңалықтар