Қазақстан, Әзірбайжан, Беларус мемлекеттері дағдарыстан сәтті шыға алды - Экономика институтының директоры

None
АЛМАТЫ. Мамырдың 6-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Дағдарыс кезінде тек ірі 2 мемлекет ғана өзінің қарқынды дамуын жалғастыра алды. Бұл бүгін Алматыда "Азия-Тынық мұхит аймағындағы экономикалық және әлеуметтік жағдайға шолу: 2010 жыл" деп аталатын Азия-Тынық мұхиты аймағындағы экономикалық және әлеуметтік кеңес (АТМЭӘК) жарияланымының таныстырылымында айтылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Дағдарыс кезінде даму қарқыны Қытайда 8,9 пайыз, Үндістанда 6 пайызды құрады. Ал ең дамыған елдерде ол төмендеп кетті. Мәселен, Жапонияда 6,5 пайыз, Германияда 6 пайыз болды. Олар қазір Шығысқа көз тігуде. Әрине, Қытай ғажайыбының құпиясын ашу бізге қиын. Еуропа осы уақытқа дейін өз стандарттарымен ғана дамып келді", дейді Экономика институтының директоры Оразалы Сәбден. Экономист- ғалымның айтуынша, ТМД-да Қазақстан, Әзірбайжан, Беларус мемлекеттері дағдарыстан сәтті шықты. Қазақстан үкіметі 2,5 пайыздық дамуды жоспарлап отыр. Алғашқы тоқсанның қорытындысына қарағанда, бұл жүзеге асатын нәрсе.