Қазақстан Азия чемпионатында күрес түрлерінен бір алтын, 6 қола медаль иеленді

АСТАНА. KAZINFORM — Қырғызстанда күрес түрлерінен Азия чемпионаты өз мәресіне жетіп, Қазақстан құрамасы 9-орынды иеленді.

Фото: ҰОК

Қазақстан құрлықтық турнирде жеті медаль жеңіп алды — бір алтын және алты қола. Еліміздегі жалғыз алтынды 72 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен грек-рим күресінің балуаны Алматбек Аманбек иеленді.

Медальдар саны бойынша Иран 6 алтын, 6 күміс, 6 қоламен көш бастады. Екінші орынды жапондық спортшылар иеленді. Олардың қоржынында 15 медаль (6-5-4) бар. Үздік үштікті 14 медальмен Қытай түйіндеді (5-1-8).

Сондай-ақ үздік ондықтың қатарында Қырғызстан (12 медаль), Үндістан (17 медаль), Өзбекстан (11 медаль), Моңғолия (8 медаль) және Солтүстік Корея (4 медаль) бар. 

Бұған дейін Азия чемпионатында Азамат Дәулетбеков күрестен қола жүлде алғанын жазған болатынбыз.