Отандастарымыз бүгін, 20 қыркүйекте ел құрамасы қоржынына барлығы 6 медаль салды. Оның ішінде 4-еуі алтын, 2-еуі қола.
Қазірге дейін ел құрамасынан тасжолдағы велоспорттан Рината Сұлтанова мен Алексей Луценко алтын медаль жеңіп алса, каратэші Жоламан Биғабыл да Азия ойындарының чемпионы атанды.
Жалпы командалық есепте 20 медаль (11 алтын, 6 күміс, 3 қола) еншілеген Қытай құрамасы көш басында келеді. Одан кейінгі орында 19 жүлде (6-6-7) алған Жапония жайғасқан.
Алғашқы ондықта Оңтүстік Корея, Таиланд, Мьянма, Макао, Кувейт, Индонезия, Гонконг құрамалары бар. Сондай-ақ Халықаралық Олимпиада комитетіне мүше елдер қалған медальды еншілеген.
Еске салайық, ХX жазғы Азия ойындары 2026 жылдың 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтеді, ойындардың ұраны — Imagine One Asia («Біртұтас Азияны елестет»).
Қазақстан Азия ойындарына 1994 жылдан бастап қатысып келеді. 1994-2022 жыл аралығында ел спортшылары 8жазғы Азиадада өнер көрсетіп, барлығы 637 медаль (165 алтын, 180 күміс және 292 қола иеленді.
Нагоядағы байрақты бәсекеде Қазақстан ұлттық құрамасының сапынан 558 спортшы бақ сынайды.