Қазақстан Азия ойындарында медальдар кестесінде үздік үштікке көтерілді

АСТАНА. KAZINFORM — Жапонияның Аичи-Нагоя аймағында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы 6 алтын, 1 күміс, 2 қола медальмен жалпы командалық есепте үшінші орында тұр.

Фото: ҰОК

Бүгін ел құрамасы қоржынына 2 алтын, 2 қола жүлде түсті. Дәстүрлі аралас жекпе-жектен Еркінғали Бүркіталин (77 келі), Қадырбек Шынбаев (71 келі) алтын алса, каратэден Бэлла Самашева (55 келі) мен Нұрқанат Әжіқанов (75 келі) қола жүлдегер болды.

Жарыстың алғашқы күні, 20 қыркүйекте тасжолдағы велоспорттан Рината Сұлтанова мен Алексей Луценко, каратэші Жоламан Биғабыл (55 келі) мен София Берульцева (68 келі) Азия ойындарының чемпионы атанды. 

Ал 21 қыркүйекте ел құрамасынан каратэші Әсел Қанай (61 келі) күміс алса, Санжар Әділов (65 келі) ережесіз жекпе-жектен қола жүлдені қоржынға салды.

Дәл қазір жалпы командалық есепте 42 (27 алтын, 10 күміс, 5 қола) көш басында келеді. Одан кейінгі орындардағы Жапонияның 33 (8-12-13), Оңтүстік Кореяның 24 (5-4-15) медалі бар.

Фото: Kazinform\ЖИ

Қазақстан Азия ойындарына 1994 жылдан бастап қатысып келеді. 1994-2022 жыл аралығында ел спортшылары 8жазғы Азиадада өнер көрсетіп, барлығы 637 медаль (165 алтын, 180 күміс және 292 қола иеленді.

Нагоядағы байрақты бәсекеде Қазақстан ұлттық құрамасының сапынан 558 спортшы бақ сынайды.