«Біз Әмірліктер бизнесінің еліміздегі бағдарламаларға белсенді қатысуын қарастырып отырмыз. Осы орайда Қазақстанның Индустриялық-инновациялық дамуы секілді бағдарламасының орны ерекше. Сонымен қатар «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бар. Бұл тұрғыда бізде нақты ұсыныстар бар, сондықтан бизнес-форумның аясында жобаларды тыңғылықты талқылауға әзірміз»,-деді министр.
Министр Қазақстанда бизнес үшін мемлекеттік қолдаудың түрлі шаралары қамтылғанын, сондай-ақ инвестициялық және салықтық жеңілдіктер қарастырылғанын атап өтті.
«Бізде 10 арнайы экономикалық аймақ, 20 индустриялық аймақ қызмет етуде. Индустриялық аймақтарды дамыту саласында БАӘ-нің үлкен тәжірибесі қызықтырып отыр. Біз аймақтарды бірлесіп дамытуға және олардың кейбірін Әмірліктер компанияларының басқаруына беруге дайынбыз»,-деді Қасымбек.
13:51, 22 Мамыр 2017
Қазақстан БАӘ компанияларының басқаруына индустриялық аймақтарды беруге әзір
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Біріккен Араб Әмірліктері компанияларының басқаруына индустриялық аймақтарды беруге дайын. Бұл туралы бүгін Қазақстан-БАӘ бизнес-форумында ҚР Инвестициялар және даму министрi Жеңiс Қасымбек мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.