«Қазақстан ЭЫҰ қызметіне қатысуға үлкен мән береді. Бұл үшін өңірлік және көпжақты ынтымақтастықтың тиімділігі қажетті шарт болып отыр. Қазақстан Ұйымды оған мүше елдер арасындағы әлеуметтік-экономикалық және техникалық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі пәрменді құрал ретінде қарастырады. ЭЫҰ көпжақты экономикалық ынтымақтастық, тиімді коммуникациялық желі үшін негіз болып отыр және кеңейтілген аймақтың экономикалық және азық-түлік қауіпсіздігі мен тұрақтылығына жәрдемдеседі», - деп атап өтті вице-министр.
Сондай-ақ Н.Дайырбеков қатысушыларды Қазақстанның АӨК саласындағы саясаты туралы хабардар етті.
«Қазақстандағы ауыл шаруашылығы секторы экономиканың болашағы зор салаларының бірі, оны дамытуға ерекше назар аударылады және мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі. ҚР - да соңғы 5 жылда ауыл шаруашылығы өнімдерін және оны қайта өңдеу өнімдерін өндіру 1,4 есеге артты. АӨК еңбек өнімділігінің орташа жылдық өсу қарқыны 24%-ды құрады. Бұл сала бизнес үшін тартымды болып отыр. Осы уақыт ішінде секторға 3,3 млрд. теңге тартылды. Сондай-ақ өндіріс көлемін одан әрі ұлғайту үшін үлкен әлеуетке ие», - деді Н.Дайырбеков.
Авторы Бекбау Тайманов