Гаага тәртіп кодексіне Қазақстанның төрағалық етуі еліміздің халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға қосқан үлесін және Қазақстанның жаппай қырып-жою қаруын таратпау саласындағы сыртқы саясатының басым бағытын жүзеге асыруының мойындалуының бір белгісі.
Гаага тәртіп кодексіне Қазақстан Республикасының атынан төрағалықты қабыл алған Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы ҚР тұрақты өкілі Қайрат Сарыбай Қазақстанның осы лауазымда жоспарлары мен басым бағыттары және біздің 2017-2018 жылдардағы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде басым бағыттары туралы баяндап шықты.
Қазақстанның төрағалығымен өткен 15-ші Тұрақты кездесуде БҰҰ Бас ассамблеясының 71-ші сессиясының қарауына ұсынылатын ГТК-ны одан әрі қолдау туралы резолюциясының жобасы келісілді.
Гаага тәртіп кодексінің басты міндеті - оған мүше елдер арасында ұлттық зымыран-ғарыш бағдарламалары және баллистикалық зымырандарды ұшыруды жоспарлау туралы алдына ал ескерту бойынша ақпаратты ерікті түрде алмасу жолымен сенім шараларын, ашықтықты және қауіпсіздік іс-шараларын нығайту болып табылады. Кодекске 138 мемлекет мүше.
Қазақстан Республикасы ГТК-ға 2005 жылдың шілдесінде қосылған.