Қазақстан балуандары Таиландтағы халықаралық турнирде екі алтын медаль жеңіп алды

АСТАНА. KAZINFORM — Таиландтың Сирача қаласында күрес түрлерінен халықаралық турнир өтіп жатыр.

Фото: ҚР ҰОК

Алғаш болып бозкілемге грек-рим күресінің балуандары шықты. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы екі алтын медаль жеңіп алды.

Еркебұлан Анапия (82 келіге дейін) және Данияр Қанағатбек (72 келіге дейін) қарсылас шақ келтірмей, алтын тұғырға көтерілді.

ҚР ҰОК мәліметінше, жарыс 22 қарашаға дейін жалғасады.

Айта кетейік, дзюдодан Ташкентте (Өзбекстан) өтетін жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жеребесі тартылды.

Елена Рыбакина эйс саны жөнінен екінші жыл қатарынан үздік шықты.