Қазақстан балуандары Азия чемпионатынан 15 медаль жеңіп алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Иранның Тегеран қаласында өткен күрес түрлерінен кіші жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық балуандар 15 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Күрес түрлері федерациясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, грек-рим күресінен өткен бәсекеде жас балуандарымыз 3 алтын, 4 күміс, 2 қола медаль жеңіп алса, еркін күрес балуандары 3 күміс, 3 қола медальға ие болды.

Азия чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

Грек-рим күресі
Алтын медаль
Әлихан Далабай (48 келі); Азиз Қасымов (57 келі); Мәлік Жалелов (68 келі)
Күміс медаль
Хамит Набиев (38 келі), Мәди Данелов (62 келі), Ислам Евлоев (44 келі), Мерей Маулетханов (52 келі);
Қола медаль
Бағдат Сабаз (41 келі), Абай Серікқазыұлы (85 келі)
Еркін күрес
Күміс медаль
Әскербек Дарын (38 келі), Нұрланбек Әбдінұр (48 келі), Әмірханов Эмиль (52 келі );
Қола медаль
Амангелді Еламан (41 келі), Ерболатов Ілияс (62 келі), Жақсыбаев Әділ (68 келі).

 

Фото: www.olympic.kz