Қазақстан спорт мектептерінен түлеп шыққан балуандардың арасынан ең алғашқы болып Александр Иванов (Монреаль, 1976 ж.) олимпиада бозкілемінен медаль асынып қайтты. Бұл баянды бастама тек 20 жылдан кейін ғана өз жалғасын тапты. 1996 жылы Атлантада өткен олимпиадада Мәулен Мамыров жартылай финалда болшақ чемпионға жол беріп, қола жүлдемен оралды.
Келесі жүлдегеріміз Ислам Байрамуков болды. Ол Сидней олимпиадасында Ресейлік Сагид Муртазалиевтен ғана жеңіліп, жеңіс тұғырының екінші сатысына табан тіреген болатын. Одан кейінгі Афины мен Бейжің олимпиадаларынан Геннадий Лалиев, Таймураз Тигиев және Марид Муталимов сынды еркін күрес шеберлері жүлдемен оралды.
МОНРЕАЛЬ, 1976 жыл
Салмақ категориясы 52 келіге дейін
1) Юдзи Такада, (Жапония)
2) Александр Иванов (КСРО)
3) Ён Хо Суп (Оңтүстік Корея)
АНТЛАНТА, 1996 жыл
Салмақ категориясы 52 келіге дейін
1) Валентин Димитров-Йорданов (Болгария)
2) Намик Абдуллаев (Әзірбайжан)
3) Маулен Мамыров (Қазақстан)
СИДНЕЙ, 2000 жыл
Салмақ категориясы 97 келі
1) Сагид Муртазалиев (Ресей)
2) Ислам Байрамуков (Қазақстан)
3) Эльдар Куртанидзе (Грузия)
АФИНЫ, 2004 жыл
Салмақ категориясы 74 келі
1) Бувайсар Сайтиев (Ресей)
2) Геннадий Лалиев (Қазақстан)
3) Иван Фундора (Куба)
БЕЙЖІҢ, 2008 жыл
Салмақ категориясы 96 келі
1) Ширвани Мурадов (Ресей)
2) Таймураз Тигиев (Қазақстан)
3) Хетаг Газюмов (Әзірбайжан)
3) Георгий Гогшелидзе (Грузия)
Салмақ категориясы 120 келі
1) Артур Таймазов (Өзбекстан)
2) Бахтияр Ахмедов (Ресей)
3) Марид Муталимов (Қазақстан)
3) Давид Мусульбес (Словакия)