Мақала бөгде сайтта орналастырылған, бірақ дизайны жағынан nur.kz порталына ұсқайды. Онда 2023 жылғы 17 ақпанда тікелей эфирде өткен бағдарламадан суреттер берілген. Сонымен қатар, мәтінде криптовалюта нарығында сауда жасауға арналған бот жарнамаланған.
3 тамызда орыс тілінде шыққан бұл жазбаша сұхбат – фейк. Ол толығымен ойдан шығарылған және шындыққа жанаспайды.
Бағдарламаның түпнұсқа жазбасы, яғни тікелей эфирде қазақ тілінде жүргізілген сұхбат «Qazaqstan» телеарнасының Youtube парақшасында бар. Тікелей эфир кезінде мақалада жазылған ақпараттар айтылмаған.