2017 жылдың наурыз айының соңында құрылыс саласындағы банктік несиелер көлемі 961,3 млрд теңгені құрайды немесе өткен жылмен салыстырғанда 3,8%-ке аз. Соңғы үш жылда осы саладағы қарыздардың көлемі 34%-ға қысқарды.
Алайда, осындай несие қаржысының едәуір қысқаруына қарамастан ағымдағы жылы құрылыстың қарқыны рекордтық көрсеткішке жеткені байқалады. 2017 жылдың қаңтар-наурыз аралығында Қазақстанда 305 жаңа көппәтерлі үйлер пайдалануға берілді. Бұл өткен жылға қарағанда 35%-ке көп және 5 жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 53%-ке артық.
2015 жылы, банктер өз баланстарын ауқымды түрде тазалау жұмыстарын жүргізген кезде, құрылыс компанияларының несиелер бойынша мерзімін кешіктірген қарыздар деңгейі қаңтар айында 26,4%-ке төмендеп, жыл соңына дейін 7,5%-ке дейін құлады.
Алайда, 2016 жылдың екінші жартысында бұл несиелердің көлемі одан сайын төмендеп, ағымдағы жылдың наурыз айының соңында құрылыс саласындағы қарыздар деңгейі 12%-ке өскен.
Несиелеудің ары қарай қысқаруы биыл бастау алған «Нұрлы жер» бағдарламасының жүзеге асырылуын бәсеңдетуі мүмкін.