Ағымдағы жылдың басынан бері шығындар көлемі 17,9 трлн теңгеге жеткен, бұл 2016 жылдың қаңтар-шілде аралығындағы көрсеткішпен салыстырғанда 38,9%-ға аз. 2016 жылдың қаңтар-шілде айлары аралығында банк шығындары 29,4 трлн теңгені құрап, бір жылдың ішінде 5 есеге өскен. Нәтижесінде 2017 жылдың шілдесінде кіріс салығына жұмсалған шығындарды есепке алғанда ҚР Екінші деңгейлі банктерінің (ЕДБ) шығыны 203,9 млрд тг жетсе, 2016 жылдың шілдесінде банктердің пайдасы - 243,8 млрд тг болған еді.
«Сыйақы алуға байланысты емес табыстар жалпы ЕДБ табыстарының 91,7%-ын - 16,3 трлн тг құрайды, бұл 2016 жылдың қаңтар-шілдесімен салыстырғанда 42,6%-ға аз», - делінген хабарламада.
Сыйақы алумен байланысты емес шығындар 17,1 трлн тг жетсе, жалпы шығындардың үлесі - 95,5%-ды құраған. 2015 - 2016 жылдардың қаңтар-шілде аралығында шығындардың 5 есеге артуынан кейін, соңғы жылдары олардың көлемі 40,2%-ға қысқарған.