«Көңіл-күйім өте жақсы, бәрі де орынша», - деді Нұғымаров - Енді дайындықтың ең маңызды кезеңі қалды, финалға дейін бір ай бар. Астанада қызу күрес болады деп күтемін, әр қарсылас өзінше мықты, нәтижесі кілем үстінде шешіледі. Сәтті аяқталатынына сенімдімін».
Нұғымаровтың айтуынша, бұл титулды қатарынан иелену оңай шаруа емес.
«Әрине, қиын. Бұл үшін бұрынғыға қарағанда, екі-үш есе көбірек дайындалуың қажет. Кесіп-пішкім келмейді. Бәрі де қарсыластарымның дайындығына байланысты шешіледі, олар мүмкіншілік берсе, жеңемін!», - дейді ол.
Айта кетейік, «Қазақстан Барысы-2014» сайысының ақтық сыны Астанада 29 маусымда өтеді. Дәстүр бойынша жеңімпаз чемпион белдігін, «Тайтұяқ» олжасын және 150 мың долларды иеленеді. Финалға 33 палуан қатысады, олардың 14-і - өңірлерден, Алматы және Астана қалаларынан екі-екі өкілден және қазіргі чемпион қатысады. Соңғы сынға шыққандар Алматыда 22 мамырда таныстырылды.