«Қазақстан Барысы-2017»: Ұлан Рысқұл екінші мәрте финалға шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада өтіп жатқан  қазақ күресінен "Қазақстан Барысы-2017" финалистері белгілі болды,  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жартылай финалда Ұлан Рысқұл мен Айбек Нұғымаров белдесіп, аса тартысты өткен белдесудің соңғы секундтарында Ұлан Айбектен айласын асырып, финалға жолдама алды.

Естеріңізде болса, ең алғашқы 2011 жылы өткізілген додада Ұлан Рысқұл финалда қарсыласы Бейбіт Ыстыбаевты ұтып, тұңғыш "Қазақстан барысы" атанған болатын. Содан кейін биыл екінші рет финалға шығыпотыр.

Енді Ұлан Рысқұл ақтық бәсекеде Еламан Ерғалиевпен бас жүлдені сарапқа салады.

Ал Нұғымаров пен Арман Қалиев  үшінші орын үшін сынға түседі.