«Қазақстан Барысы»-2018: Ширек финалға сегіз балуан шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы «Барыс Арена» спорт кешенінде өтіп жатқан «Қазақстан Барысы» VIII Республикалық турнирінің ширек финалына сегіз балуан шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Олар - Айбек Нұғымаров,  Дәурен Нұралинов, Мақсат Исағабылов, Ержан Шынкеев,  Ерасыл Қажыбаев,  Еламан Ерғалиев, Ерсұлтан Мұзаппаров, Нұрым Сәлімгереев бастаған апайтөс балуандар шықты.

Ал 1/4 финалдық кездесулерде Айбек Нұғымаров пен Дәурен Нұралинов, Мақсат Исағабылов пен Ержан Шынкеев, Ерасыл Қажыбаев пен  Еламан Ерғалиев және Ерсұлтан Мұзаппаров пен Нұрым Сәлімгереев белдеседі.

Айта кетейік, «Қазақстан Барысы» турнирінің жүлде қоры да қомақты. Жеңімпаз атанған балуанға алтын белбеу мен алтыннан құйылған «тайтұяқ» табысталады. Екінші және үшінші орынға сәйкесінше күміс және қола белбеу тапсырылмақ. Әр белдесудегі жеңіс үшін балуандар 100 мың теңгені қанжығасына байлайды. ІІІ орын алған балуанға 1,8 млн теңге, ал оның бапкеріне 900 мың теңге табысталады. Ал ІІ орын үшін 5,5 миллион теңге, оның бапкеріне 1,8 млн теңге берілмек. Турнирде топ жарған бірінші орын иегері 25 млн теңгеге ие болады. Ал оның бапкеріне 3,5 млн теңге тапсырылады.