АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада төрінде Ұлт Көшбасшысы - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүлдесі үшін «Қазақстан Барысы» республикалық турнирі өтіп жатыр.
Алғашқы айналымда «Қазақстан Барысының» тұңғыш чемпионы (2011 ж.) Ұлан Рысқұл мен 2013 жылғы «Қазақстан Барысы» шығыс қазақстандық Айбек Нұғұмаров белдесті. Аса тартысты белдесуде Ұлан Рысқұл жеңіске жетіп, келесі кезеңге жолдама алды.
Естеріңізге сала кетейік, биыл Ұлан Рысқұл бірінші рет өзі туып-өскен Алматы облысының атынан өнер көрсетуде.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін «Қазақстан Барысының» екі дүркін чемпионы Бейбіт Ыстыбаев та қарсыласынан басым түсіп, келесі кезеңге жолдама алған болатын.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.