«Қазақстан барысы» болған Дәурен Нұралинов биылғы жарысты ерте аяқтады

Видеодан алынған кадр: instagram.com/qazaqstan_barysy
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Қазақстан барысының 2021 жылғы жеңімпазы Дәурен Нұралинов биылғы жарысты ерте аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дәурен Нұралиновтың бұл жолғы қарсыласы 23 жастағы жамбылдық жас балуан Данил Федоров еді. Тартысты айқас «белдесу» кезеңіне ұласып, ақырғы сәтте жас балуан айласын асырып кетті.

Еске салайық, биыл «Қазақстан барысы» турнирі жылдағыдан өзгеше өтіп жатыр. Жаңа облыстардың ашылуына байланысты жарысқа қатысушылардың саны артқан. Нақтырақ айтсақ, 41 палуан бақ сынауда. Оның ішінде 33 палуан облыстардан, 2 спортшы «Әскер барысынан» және 3 қаладан тағы 6 спортшы қатысуға мүмкіндік алды.

Турнир осы уақытта елордадағы «Барыс Арена» стадионында өтіп жатыр.